Мұсылманша неке қию заңының күшін жойды
Мұсылманша неке қию заңының күшін жойды
9 ай бұрын 1024 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үнді оппозициясы Ассам штатының билігінің 1935 жылдан бері қолданыста болып келген мұсылманша неке қию заңының күшін жойғанын сынға алды. Аталмыш заң кәмелет жасына толмаған мұсылмандармен некелесуге мүмкіндік беріп келген еді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ақпарат ресурсына жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ассам – Үндістанның барлық штаттарындағы мұсылмандарды қоса алғанда мұсылман халқы көп штат. Осыған ұқсас шешім бұрын Солтүстік Уттаракханд  штатында да қабылданған еді – аталған штат аумағындағы барлық наным-сенім өкілдеріне бірдей қолданылатын неке қию, ажырасуғ бала асырап алу, мұрагер тағайындау істерін қамтыған бірыңғай кодекс қолданысқа енгізілген болатын. Ассам штатының жаңа ережесіне сәйкес 21 жасқа толмаған жас жігіттер отбасын құра алмайды. Қыздардың тұрмыс құру жасының жас шегі – 18. Үндістанның негізгі оппозициялық партиясы саналатын ұлттық конгресі партиясының жетекшісі Әбрәшит Мандал атап өткендей, қабылданған заң мұсылмандарды ғана кемсітуға бағытталған. Билік басындағы ұлтшыл Модидің Бхаратия Джаната партиясы сайлауда жеңіске жетсе, федералды деңгейде бірыңғай «неке стандарты» қабылдануы мүмкін. Бүгінде Үндістандағы индустар, мұсылмандар, христиандар және басқа діни бірлестіктердің неке, ажырасу, бала асырап алу және мұрагерлік мәселелерінде өздерінің заңдары мен әдет-ғұрыптарын ұстанып келгенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат