Мұсылмандарды қырғаны үшін террористік әрекетке қолдау білдірген ресейлік азамат жазаланды
Мұсылмандарды қырғаны үшін террористік әрекетке қолдау білдірген ресейлік азамат жазаланды
5 жыл бұрын 2231 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының қиыр шығысында орын тепкен Хабаровскдегі 1-ші шығыстық әскери округ сотының айыптау үкімімен кезінде күллі әлемді елең еткізген Жаңа Зеландиядағы, дәлірегі, Крайстчерч қаласында талай жазықсыз адамның қаны төгілген, яғни, 50 адам қаза тапқан терактіге интернетте қолдау білдірген Петропавл-Камчат тұрғыны жазаға кесілді. РФ Камчат өлкесінің федералды тергеу бюросы басқармасы хабарлағандай, «РФ Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2-ші тармағы (терроризмді жария түрде ақтау) бойынша қаскүнемге 600 мың рубль мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды»,- деп айтылған хабарламада. Тергеу барысында белгілі болғандай, 2019 жылдың наурыз айында аталмыш өңір орталығының тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Крайстчерч қаласындағы Брентон Таррант жасаған мешіттегі терактіні мақұлдаған аудиохабарламасын жүктеген болатын.

0 пікір
Мұрағат