Мұсылмандарды қаралауды кәсіпке айналдырып, ақша алып келген
Мұсылмандарды қаралауды кәсіпке айналдырып, ақша алып келген
10 жыл бұрын 3185 Памела Геллер

Америкалық сатирик әрі тілші Дин Ұбайдаллаһ осы елдегі белгілі исламофобтар Памела Геллер мен Фрэнк Гаффнидің исламға күйе жағып, мұсылмандарды қаралауды кәсіпке айналдырып, сол үшін ақша алып келгендерін әшкереледі. Бұл жайында «The Daily Beast» ақпарат көзі хабар таратты. Оның сөзіне қарағанда, қоғамдық көліктерге исламофобиялық жарнамалар жапсырып, АҚШ-тың штаттарында өткен мұсылмандарға қарсы түрлі шараларға ұйытқы болған Памелла Геллер осы «кәсібі» үшін қомақты қаржы алатын болып шықты. Оның жалақасын «Бостандықты қорғау жөніндегі америкалық бастама» (AFDI) деп аталатын ұйым төлеп келгені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш ұйым оған 192 500 доллар мөлшерінде және қосымша шығыны үшін 18 750 доллар төлеп отырған ай сайын. Айта кету керек, 2013 жылы бұл ұйым өз жақтастарынан түскен 958 800 «садақасынан» төлеп келгені де анықталды. Осылайша Памелла Геллер исламофобияны насихаттағаны үшін айына орташа есеппен 17 000 доллар алып келген. Ал өзінің исламофобиялық тақырыптарды зерттейтін орталығы бар Фрэнк Гаффани өзіне-өзі жылына 3,2 млн доллар ақы төлеген – исламофбияны насихаттағаны үшін. 2012 жылы 300 000 доллар төлеген екен. Яғни, айына 25 000 долардан төлеген.

0 пікір
Мұрағат