Мұсылмандар статистикасына қатысты аз-кем дерек
Мұсылмандар статистикасына қатысты аз-кем дерек
7 күн бұрын 682 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: saphirnews.com

Өткен жылдың сәуір айының басында исі мұсылман қарасы, яғни, күллі әлемдегі мұсылмандар саны екі миллиард адамнан асқан. Мұндай мәлімет Global Muslim Population веб-сайтында келтірілген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Morocco World News агенттігіне жөн сілтеген IslamNews  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша мұсылмандар саны 8 млрд-тан көп адамзаттың 25%-нан асқан. Мұсылмандар бүгінде христиандардан кейін екінші орында тұр. Саны жағынан.  Pew Research Center орталығының 2017 жылғы болжамына сенсек, осы ғасырдың екінші жартысында мұсылмандар саны христиандарды басып озады. 2035 жылдың өзінде басқа наным-сенім өкілдеріне қарағанда дүниеге келетін балалар арасында мұсылмандар бірінші орынға шығады. Мұсылмандардың дені басқа құрлықтармен салыстырғанда Азия аймағында ең көп шоғырланған – әлемдегі мұсылмандардың 60%-дан астамы тұрады. Ал мұсылмандар саны ең көп өсіп келе жатқан,  мұсылман еместер тұратын өңірге Еуропа жатқызылған. Бұған миграциялық процестер себеп болып отыр. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес мұсылмандар саны өзге наным-сенім өкілдеріне қарағанда 70% шапшаң өсіп келе жатыр. Бұған мұсылман елдеріндегі туу көрсеткішінің жоғары болуы ықпал етуде.

0 пікір
Мұрағат