|
Мұсылмандар санына шектеу енгізуді жақтады
|
YouGov зерттеу компаниясы жүргізген сауалнамаға қатысқан Дания тұрғындарының 50%-ы елдегі мұсылмандар санына шектеу енгізуді жақтайтынын білдірген. Сарапшылар сауалнама нәтижесін талдай келе елдегі толеранттылықтың кері кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Яғни, мұсылмандар санын шектеуді жақтайтындардың айтуынша, елдегі мұсылмандар қарасы халық санына шаққанда 5 пайыздан аспауы тиіс. Ал 42%-ы мұндай шектеу енгізуге қарсы. Олар өз кезегінде адамдарды діни сеніміне қарай алалап, жікке бөлудің арты жақсылыққа апармайтынын жеткізген. 7%-ы елде бірде-бір мұсылманның болмағанын қалайтындарын жасырмады. The Local басылымының хабарына қарағанда бүгінгі таңда Данияда халық санына шаққанда бес пайызға жетпейтін мұсылман жамағаты өмір сүріп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)