Денсаулық сақтау министрлігінің ислами бағдарламасына 2 000 000-ға тарта пациент қатысты
Денсаулық сақтау министрлігінің ислами бағдарламасына 2 000 000-ға тарта пациент қатысты
9 жыл бұрын 2392

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылы қолға алған арнайы ислами бағдарламасы аясында 2 000 000-ға тарта пациент кеңес алып, ауруханаларда олардың діни парыздарын орындауына көмек көрсетілген. Аталмыш шара барысында Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері 196 180 науқастың көңілін сұрап, екінші жағынан, дінді түсіндіру арқылы жұбатып, сумен дәрет алуға шамалары келмейтін 49 673 сырқатқа тәйәммүм соғудың қыр-сырын үйретті. Бұған қоса, 35 139 қасиетті Құран данасы, араб тілінде жарық көрген 650 461 ислам әдебиеті, сондай-ақ, әр түрлі тілде жарияланған 121 821 ислам әдебиеті тегін таратылды. Сонымен қатар, ислам тақырыбы қозғалған аудио-визуалды құралдардың 162 842 көшірмесі де пациенттердің қолына тиді. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, науқастарға 2 800 дәріс оқылып, уағыз айтылды. Артынан 90 000-ға тарта сыйлықтар тарту етілді.

0 пікір
Мұрағат