Мұсылмандар саны екі есе жылдам қарқынмен өсіп келеді
Мұсылмандар саны екі есе жылдам қарқынмен өсіп келеді
10 жыл бұрын 3509

Әлемдегі мұсылмандар қарасы алдағы жиырма жылдың ішінде 35 пайызға артады, яғни, 2010 жылғы есеп бойынша 1,6 млрд-ты құраған мұсылмандар саны 2030 жылға қарай 2,2 млрд адамға жетеді. Бұл демографиялық мәлімет Колумбия округының ми орталығының баяндамасында келтірілген. Нақтырақ айтқанда, мұсылман еместермен салыстырғанда мұсылмандар қарасы осы уақыт аралығында екі есе жылдам қарқынмен өседі. Дәлірегі, исі мұсылманның орташа есеппен алғанда жылдық өсу қарқыны 1,5%-ды құрайтын болады, ал мұсылман еместерге келсек, бұл көрсеткіш – 0,7%. Егер осы қарқын сақталатын болса, 6,9 миллиардты құраған жер тұрғындарының санымен немесе осынша адамның санына шаққанда 23,4%-ды құрайтын мұсылмандар қарасымен салыстырғанда 2030 жылы мұсылмандар қарасы 8,3 млрд-қа жетіп жығылатын адамзаттың жалпы санына шаққанда 26,4%-ға жетеді. Десе де, мұсылман үмбеті өткен жиырма жылға қарағанда соншалықты тез көбейе қоймайды. 1990-2010 жылдар аралығында орташа есеппен мұсылмандар қарасының өсу қарқыны  2,2%-ды құраған еді. Ал 2010-2030 жылдар аралығында бұл көрсеткіш  орташа есеппен алғанда 1,5%-дан аспайды. Баяндамада айтылғандай, 2030 жылға қарай әлемнің 79 елінде 1 000 000-нан аса мұсылман өмір сүреді бүгінгі 72 елдегі көрсеткішпен салыстырғанда. Ел аузында айтылып жүргендей мұсылмандар Индонезияда емес, Пәкістанда  ең көп шоғырланған. 

0 пікір
Мұрағат