Мұсылмандар өлкесінің тағдыры үнді сотының қолында...
Мұсылмандар өлкесінің тағдыры үнді сотының қолында...
1 жыл бұрын 1017 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның жоғарғы соты бүгін Пәкістан өз аумағы санайтын (Үндістан жаулап алғалы 80 жыл өткен), мұсылмандар шоғырланған Жамма және Кашмир штатын ерекше мәртебеден айыру туралы істі қарастыруға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыдан төрт жыл бұрын  аталған штат ерекше мәртебесінен айырылып, құқықтары шектелген екі одақтық аумаққа - Жамма мен Кашмир және Ладакқа бөлінді. Үнді парламент өңірге ерекше мәртебе беруге кепілдік берген конституциялық 370-баптың күшін жойды. Үнді билігінің бұл шешіміне наразылық білдірген жергілікті тұрғындар Кашмирдегі халық толқуына ұласқан шеруде күштік құрылымдармен қақтығысқа түскен еді. Содан бері Үндістан үкіметінің Кашмирге қатысты «заңсыз шешімін» айыптаған ондаған өтініштер сотқа жіберілді. Өткен ылдың күз мезгілінде Пәкістан халқы мен Үндістан мұсылмандары Жамма және Кашмир аймағының аумағына үнді билігін әскер енгізгенін айыптады. Бұл даулы өлкені Үндістанға немесе Пәкістанға қосу туралы референдум өткізуге шақыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының 47 қарары әлі орындалмады.

0 пікір
Мұрағат