Мұсылмандар мешіттерге рейд жүргізуге наразы
Мұсылмандар мешіттерге рейд жүргізуге наразы
2 жыл бұрын 1074 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Уганданың мұсылман жамағаты қауіпсіздік күштері тарапынан күллі ел аумағында жүргізіліп жатқан мешіттердегі рейдтерге әрі белең алып келе жатқан ислам қайраткерлерін тұтқындау шарасына наразылық білдіруде. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде TRT World дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандар арасынан шыққан депутаттар, имамдар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері күштік құрылымдардың озбырлығын қатаң айыптап, мұндай әрекеттердің заңдық негізі жоқ екенін мәлімдеп, әлем қауымдастығына дабыл қағып отыр. «Билік өкілдері мешіттерге рейд жүргізіп, шейхтерді заң талаптарын орындамай, күштеп қамауға алып, оларды жасырып, сотқа бермей, кемсітушілікке жол беріп отыр», - деді Мұсылман депутаттары парламенттік тобының жетекшісі Асуман Басалирва. Батыс елдерінің және Ресей Федерациясының қауіпсіздік күштерінің мешіттерге рейд жүргізу секілді заңсыз әрекеті әдетте репрессиялық шараларға ұласып жатады. Атап айтқанда, нақты айып тағылмаса да мешіт имамдарын тұтқындау секілді әрекеттер, өкінішке қарай, қалыпты жағдайға айналып келеді.

0 пікір
Мұрағат