Мұсылмандар христиандарды қалай құтқарып қалды?
Мұсылмандар христиандарды қалай құтқарып қалды?
8 жыл бұрын 2386

Кенияның Мандера провинциясында жолда кетіп бара жатқан, жолаушылар отырған автобусты «Аш-Шабаб» содырлары тоқтатқан. «BBC News» ақпарат көзінің хабарлауынша, содырлар жолаушылардан наным-сеніміне қарай бөлініп, бір-бірінен бөлек тұруын талап еткен. Осылайша содырлар христиандардың көзін жоймақ болған. Алайда, мұсылмандар содырлардың талабына көнбей, бөлек тұрудан бас тартқан. Осылайша кімнің христиан, кімнің мұсылман екенін ажырата алмаған содырлар жолаушылардың бәрін жайратып та салмақ болған екен. Жергілікті билік тізгінін ұстаған губернатордың айтуынша, провинция тұрғындары ажал төніп тұрғанына қарамастан бастарын қатерге тігіп, ауызбіршіліктің, татулықтың, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен. Десе де, бұл оқиға кезінде содырлар қолынан екі адамның опат болды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, автобус жүргізушісі қашып құтылмақ болған екен. Алайда, содырлардың оғынан опат болған. Ал екіншісінің қалай қаза тапқаны турасында нақты ақпарат жоқ.

0 пікір
Мұрағат