Мұсылмандар дерегі мобилді қосымша арқылы арнайы қызметке сатылып кетті
Мұсылмандар дерегі мобилді қосымша арқылы арнайы қызметке сатылып кетті
4 жыл бұрын 2092 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тағы бір мұсылмандарға арналған мобилді қосымшаны жасаушылар мұсылман пайдаланушылардың мекен-жайы туралы деректі америкалық күштік құрылымдармен бөліскен. Бұл жолы Salaat First қосымшасы турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Vice News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Salaat First қосымшасының геолакциялық мәліметі шарт бойынша америкалық әскерилермен жұмыс істейтін француздарға тиесілі Predicio компаниясына сатылған. Аталмыш компания бизнесін америкалық иммиграциялық қызметпен және федералды тергеу бюросымен бірігіп жүргізеді. Осыдан шамамен екі ай бұрын Muslim Pro қосымшасы да мұсылман пайдаланушыларға қатысты деректі X-Mode ақпараттық технология компаниясына табыс етілгені туралы хабар тараған еді. Аталған компания бұл қосымшаны АҚШ армиясы сатып алғаны белгілі болды. Осылайша жеке бас мәліметі мұсылмандардың рұқсатынсыз күштік құрылымдарға сатылған. Осылайша америкалық мұсылмандардың құқығы өрескел бұзылды.

0 пікір
Мұрағат