Мұсылман қорғаушылары Ұлттық заңгерлер қауымдастығын құрды
Мұсылман қорғаушылары Ұлттық заңгерлер қауымдастығын құрды
2 жыл бұрын 1547 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының әділет министрлігі Ұлттық заңгерлер қауымдастығын тіркеуден өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қауымдастықтың алқа мүшелігінде Рауыл Тұғышев, Саид-Мұхаммед Шапанов, Марат Әшімов және Руслан Нагиев секілді ресейлік қоғамда танымал көрнекті қорғаушылар бар. Олардың барлығы РФ аумағындағы мұсылмандарға қарсы қозғалған түрлі істерде белсенділік танытып, ресейлік мұсылмандарың құқығын қорғаумен аты шыққан тұлғалар. Штаб-пәтері Қазан қаласында орналасқан аталмыш ұйымға ұлты мен нәсіліне,  наным-сеніміне қарамастан кез келген заңгер мүше бола алады. Тек бір шартпен: өз кәсібіне жетік әрі нәсілшіл, бәлеқор, жалақор, парақор, тағы басқа да жат әдеттерден аулақ болуы керек. Бұл ұйым құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңның үстемдік құруына атсалысады. Тек жекелеген адамдарға ғана көмек көрсетіп қоймай, сонымен қатар, заңды тұлғалар да олардың қызметіне жүгіне алады. Өйткені, РФ аумағында жергілікті мұсылмандар (олардың дені байырғы тұрғындар) шовинистер тарапынан жиі қысым көретіні бар, исі мұсылман қастер тұтатын құндылықтарға сот арқылы тыйым салу секілді келеңсіздіктер де орын алған болатын. Мұндай ұйым исламофобия өршіген батыс елдерінде де бар. Мәселен, АҚШ-тағы Америка-Ислам қатынасы жөніндегі ұйым (CAIR) халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бір қатарда аталатын беделді ұйым ретінде белгілі.

0 пікір
Мұрағат