Мұсылман мамандардан «ми жылыстау» тенденциясы Францияны білікті кадрларсыз қалдырады
Мұсылман мамандардан «ми жылыстау» тенденциясы Францияны білікті кадрларсыз қалдырады
7 ай бұрын 847 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам есімді бизнес мектептің түлегі Франциядағы консалтингтік жұмыс іздегенде жұмыс берушілер тарапынан 50 рет бас тартқаннан кейін, ол Дубайға қоныс аударды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде France24 ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews  сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Солтүстік Африкадан шыққан 32 жастағы мұсылман: «Мен мұнда Францияға қарағанда әлдеқайда жақсы сезінемін,- дейді. - Біз бәріміз бірдейміз. Сіздің бастығыңыз үнді, араб немесе француз болуы мүмкін». Соңғы жылдары мұсылман текті жоғары білікті француздар (олардың көпшілігі иммигранттардың балалары) Лондон, Нью-Йорк, Монреал немесе Дубай сияқты қалаларға ағылуда. Франциядағы нәсілдік әрі діни кемсітушілікке, исламофобиялық құбылысқа байланысты. Өткен айда жарияланған «Франция – сіз оны жақсы көресіз, алайда, сіз оны тастап кетесіз» зерттеуінің авторлары онлайн сауалнамаға жауап берген 1000-нан астам адамның 71%-ның нәсілшілдік пен діни кемсітушілікке байланысты кетіп қалғанын айтқан.

0 пікір
Мұрағат