Мұсылман емес елде шариғи неке ресми мәртебеге ие болды
Мұсылман емес елде шариғи неке ресми мәртебеге ие болды
4 жыл бұрын 2652 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Африка республикасында шариғат талаптары сақтала отырып қиылған неке ресми мойындалды. Бұл жайында islam.kz порталы  Times Live ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің жоғарғы апелляциялық соты жергілікті биліктің шариғи жолмен қиылған некені мойындамаған әрекетін конституцияға қайша деп тапқан 2018 жылғы Кейптаун сотының үкімін күшінде қалдырды. Осылайша аталған елдегі мұсылмандардың ресми түрде тіркелетін зайырлы неке қидырған ерлі-зайыпты азаматтарға тән құқықтары мен міндеттері болады. Осы тұста аппеляциялық сотта алдыңғы инстанцияның үкіміне Оңтүстік Африка Президенті мен Әділет министрі наразылық білдіргенін айта кеткен жөн. Аталған сот шариғи некені тану жөнінде үкім шығара отырып, ОАР президенті мен әділет министріне сот процесі бойынша сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

0 пікір
Мұрағат