Мұсылман елінің президенті ораза айын «қолайлы кезең» туғанша кейінге шегере тұруды ұсынып, айды аспанға бір-ақ шығарды
Мұсылман елінің президенті ораза айын «қолайлы кезең» туғанша кейінге шегере тұруды ұсынып, айды аспанға бір-ақ шығарды
5 жыл бұрын 3884 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ел аумағындағы мешіттерді кітапхана, асхана, т.б. қоғамдық орындарға айналдырып, шариғат шәлісін жамылғандар мен сақал өсіргендердің қыр соңына сақшыларды салған әрекеттерімен көзге түскен Тәжікстан президенті Емомали Рахмон елдегі мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтай келе жұқпалы індеттің өршіп тұрғанын алға тартып, ораза айын «қолайлы уақытқа» дейін кейінге шегере тұруды ұсынды. Осылайшы бүйректен сирақ шығарған тәжік басшысы Тәжікстанда тәжді тажалдан бірде-бір адамның зардап шекпегенін ұмытып кеткен секілді... тіпті, бес жастағы бала білетін нәрседен (қасиетті Рамазан айын айтып отырмыз – ред.) хабары болмаған күннің өзінде елде жұқпалы індетке бірде-бір адамның шалдықпағанын ескермегені қалай?! Сондағы желеуі - COVID-19 вирусының қатері. Әлбетте, қатерді ескерген жөн, ол үшін белгілі бір шектеу шараларын қолға алса да жетіп жатыр. Қасиетті айды жоққа шығарғандай еткен мәлімдемесімен жұқпалы індет басылған соң ораза ұстауды ұсынып, жұртқа күлкі болған тәжік басшысы: «Біздің елімізде бұл ауру тіркелмесе де бұл арқамызды кеңге салып, қамсыз отыр дегенді білдірмейді. Бүгінде күллі әлем пандемияға байланысты әуреге түсіп отыр», - деді. Бұл жайында islamnews.ru ақпарат көзі хабарлады. 

0 пікір
Мұрағат