Мұсылман еліндегі өзендер суы тартылып жатыр
Мұсылман еліндегі өзендер суы тартылып жатыр
3 жыл бұрын 1306 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Зәкір Хұсейн Шоуқұры, Anadolu агенттігі

Халқының санын 90 пайыздан астамын мұсылмандар құрайтын Бангладеш тропикалық белдеуде орналасқанымен, дәлірегі, жауын-шашын мол түскенімен аумағынан ағып өтетін һөзендердің жартысынан көбісі тартылып барады. Кейбір өзендердің табаны құрғап кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күнкөріс көзі өзен және су жолдарымен, Бенгал шығанағымен байланысты оңтүстік-шығыс Азиядағы жер көлемі шағын осынау мұсылман еліндегі өзендердің жартысынан астамынан кеме жүзуден қалған. Ресми дерек бойынша аталған ел аумағындағы және сағалардағы шашыраңқы орналасқан 405 өзеннің тек 172-сі ғана кеме жүзуге жарамды. 57 өзен трансшекаралық; Үндістанмен арадағы трансшекаралық өзендер саны – 54; Мьянмамен арадағысы – 3. Anadolu агенттігіне сұхбат берген Өзен және өзен сағаларын зерттеу орталығының (RDRC) жетекшісі Мұхаммед Азаз Бангладеште соңғы 50 жылда көптеген өзендердің жоғалып кеткенін және көбісінің кеме жүзетін айбыны мен айдынынан  айырылғанын жеткізді. 1971 жылы Пәкістаннан тәуелсіздігін алған ел аумағында 1274 өзен болған. Мұхаммед Азаз осылай дей келе ел аумағынан ағып өтетін өзендердің дені Үндістанның Бангладешпен шектесіп жатқан Батыс Бенгалия штатындағы Ганга өзеніне тұрғызылған 18 шақырымдық Фаракка бөгетіне байланысты тартылғанын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат