Мұсылман елінде хижабқа салынған тыйымды алып тастауға шақырған имам жұмысынан қуылды
Мұсылман елінде хижабқа салынған тыйымды алып тастауға шақырған имам жұмысынан қуылды
6 жыл бұрын 4576 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның Юнусабад ауданындағы "Омина" мешітінің имам хатыбы Фазлиддин Парпиев ел президенті Шавкат Мирзиёевтен шариғат шәлісін жамылып жүруге салынған тыйымның күшін жоюға шақырғаны үшін жұмысынан шеттетілді. Ол жұма күні Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында ел президентінің атына тікелей видеоүндеу жолдаған. Хижабқа қатысты тыйымның күшін жоюды сұрап. 32 жастағы ол азаматтардың сенім бостандығын қорғауға шақырған бұл әрекеті ақыры өзінің басына таяқ болып тиді. Бұл жайында IslamNews порталы Punch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Артынан оның ел президентінің атына жолдаған видеоүндеуі аталған әлеуметтік желідегі парақшасынан өшірілген. Қыркүйек айының 9-ы күні Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасының пәрменімен жұмыстан шеттетілгенін хабарлады. Оны жұмыстан шеттету туралы бұйрыққа Өзбекстан мүфтиі Осман Әлімов қол қойған. 

0 пікір
Мұрағат