Мұсылман елінде 2005 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатуға тыйым салынатын заң қабылданaды
Мұсылман елінде 2005 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатуға тыйым салынатын заң қабылданaды
3 жыл бұрын 3038 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «2008 жылғылар мен осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатылмайтын заң қабылданады» https://islam.kz/kk/news/alem/2008-jylgylar-men-osy-jyldan-keiin-duniege-kelgenderge-muldem-temeki-satylmaityn-zan-qabyldanady-16154/#gsc.tab=0) материалымызда айтып өткеніміздей, Жаңа Зеландия әлемде темекі өнімдерінен біржола бас тартатын алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалады. Аталған ел денсаулыққа зиянды осынау жат әдетпен күресудің өзіндік тәсілін таңдағанын да айтып кеткенбіз – белгілі бір жылы және одан кейін дүниеге келгендерге темекі өнімдері мүлдем сатылмайтын болады. Тура осы әдісті оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылман елі де – Малайзия билігі де қолданатын болды: 2005 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге темекі өнімдерін сатуға мүлдем тыйым салатын заң қабылдайды. Бұл жайында islam.kz порталы малайлардың Malay Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Малай елі билігінің осындай шешім қабылдағанын денсаулық сақтау министрі Хайри Жамалұддин мырза Жененва қаласында өткен Дүниежүзіліек денсаулық сақтау ұйымының атқарушы комитетінің 150-ші сессиясында мәлімдеді. Малайлық лауазымды тұлғаның сөзіне қарағанда, бұл бағыттағы заң жобасы жылдың аяғына дейін қабылданады. Сондай-ақ, ол Малайзия аумағында шылым шегуден 27 мың адамның бақилық болғанын атап өтті.

Ұқсас материалдар:

«2008 жылғылар мен осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатылмайтын заң қабылданады» https://islam.kz/kk/news/alem/2008-jylgylar-men-osy-jyldan-keiin-duniege-kelgenderge-muldem-temeki-satylmaityn-zan-qabyldanady-16154/#gsc.tab=0);

«Ширек ғасырдан кейін әлемде шылым шегетін адам қалмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-alemde-shylym-shegetin-adam-qalmaidy-15035/#gsc.tab=0);

«2010 жылға дейін шылым шегуден 1 млрд адам қаза табады» (https://islam.kz/kk/news/alem/2010-jylga-deiin-shylym-sheguden-1-mlrd-adam-qaza-tabady-14411/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жылына шылым шегуден қанша адам бақилық болады?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jylyna-shylym-sheguden-qansha-adam-baqilyq-bolady-8275/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат