Мұсылман елінде 160 мемлекеттен 16 мың студент тегін білім алып жатыр
Мұсылман елінде 160 мемлекеттен 16 мың студент тегін білім алып жатыр
7 жыл бұрын 2902 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Түркияның жоғарғы оқу орындарында әлемнің әр түкпірінен, дәлірегі, 160 елден 16 мың студент «Түркия стипендиаты» (YTB) мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алуда. Өзге елдердің азаматтары Түркияның 55 қаласында орын тепкен 105 жоғарғы оқу орнында оқиды. Түркия үкіметі жанындағы диаспора істері жөніндегі басқарма келтірген мәліметке қарағанда, 2012 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама бойынша 25 мың шетелдік азамат түріктердің жоғарғы оқу орнында оқу стипендиясын алған. Бүгінгі таңда мұндай стипендия алатындардың қарасы бес есеге өскен – 125 мың шетелдік азаматқа жеткен. 2016-2017 оқу жылында әлемнің 172 елінен аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алуға 122 мың өтініш келіп түскен. Шетелдік азаматтар тарапынан. Олардың бес мыңының өтініші қанағаттандырылған. Ал өз қалтасынан төлеп, яғни, өзінің қаражаты есебінен түріктердің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан шетелдіктердің қарасы 100 мыңнан асып жығылады. Бұдан бөлек, аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша 1425 сириялыққа стипендия тағайындалған. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын шетелдік студенттерге орташа есеппен 5 мың стипендия тағайындалады. YTB өкілдігі әлемнің 100 елді-мекенінде ашылған. Онда Түркияда тегін білім алғысы келетін шетелдіктер іріктеу емтиханынан өтеді. Іріктеуден өтіп, Түркияға келгендерге бір жыл бойы түрік тілі үйретіледі. Содан соң жоғарғы оқу орнына түседі. Бакалавр, магистр дәрежесін алғысы келгендер мен докторантурада қалғысы келетін шетелдік студенттер тегін жатақханамен және тамақпен қамтамасыз етіліп қоймай, олардың қалта телефондарының, яғни, байланысын да тегін қамтамасыз етіп береді. Бұған қоса, олар тегін медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

0 пікір
Мұрағат