Мұсылман елі жағымды тенденцияға қалай қол жеткізді?
Мұсылман елі жағымды тенденцияға қалай қол жеткізді?
6 жыл бұрын 2579 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Түркияның ішкі миграциясында оң өзгерістер орын алды. Дәлірегі, соңғы жылдары қаладан ауылдық жерге ағылған ел тұрғындарының қарасы артып келеді. Осыған орай ауылдық жердегі халық санының өсу қарқыны артқан - 47,6 мың адамға. Ал қалаларда халық санының артуы 12,1 мың адамнан аспаған болатын. Бұл жайында Түркияның мемлекеттік статистика институты (TurkStat) мәлім етті. Соңғы жылдары күллі әлем бойынша қалалық жерге шоғырланғандар қарасы артып келеді. Урбанизация қарқын алған болатын. Түріктер мұндай жетістікке қалай қол жеткізді? Бұл тенденция негізінен ауылдық жұмысшы табының қалыптасуымен байланысты орын алып отыр. TurkStat келтірген дерек бойынша осы уақытқа дейін Түркияның ауылдық жеріндегі ел тұрғындарының саны халықтың жалпы санына шаққанда бар-жоғы 7,7%-дан аспап еді. Десе де өткен жылы оның алдындағы 2017 жфлмен салыстырғанда 287 мың адамға артқан. Ауылдық жердің тұрғындары. Аталмыш елдің ауыл жерінде тұратындардың дені 15-64 жас аралығындағылар. Қалғанын балалар мен жасы 64-тен асқандар құрайды. Түркияның ауылдық жерінде тұратын ер-азаматтар қарасы 3,2 млн адам болса, әйелдер арасында бұл көрсеткіш - 3,1 млн. Түркия билігі қала тұрғындарынауылдық жерге тартып, ел экономикасына оң әсерін тигізетін миграциялық тепе-теңдікке қол жеткізу үшін бірқатар ынталандыру шараларын қолға алған болатын. Мәселен, жер емген дихандар мен фермерлерге несие беру, көшетті тегін беру, т.б. Соңғы (жұма күнгі) мәліметке  қарағанда, Түркия халқының саны 82 млн адамнан асқан. Тек өткен жылдың өзінде бұл елдегі халық саны 1,2 млн адамға артқан. TurkStat мағлұматына үңілсек, ерлер мен әйелдер арасындағы арасалмақ: ер-азаматтар - 41 139 980; әйелдер - 40 863 902, яғни, ел халқының 49,8%-ын құраған. 

0 пікір
Мұрағат