Басқыншылығы үшін көрші елге өтемақы төлейді
Басқыншылығы үшін көрші елге өтемақы төлейді
5 жыл бұрын 2152 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1990-1991 жылдары Ирак Кувейтке әскери жорық жасап, территориясына баса-көктеп кіргені үшін 4,5 млрд доллар өтемақы төлейтін болды. Кувейттік al-Rai ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, бұл өтемақыны сол кездегі соғыстан зардап шеккен, шығын көрген жекелеген тұлғалармен қатар компаниялар да, үкіметтік және халықаралық ұйымдар да алады. Естеріңізге сала кетсек, көрші елге басқыншылығы үшін төлеп келе жатқан өтемақыны 2014 жылы тоқтатқан болатын. Ирак экономикасының дағдарысқа тап болуына байланысты. Өткен жылы өтемақыны төлеуді жалғастырды. 2014 жылға дейін Ирак Кувейтке 48 млрд долларды төлеп қойған болатын. Қалған 4,5 млрд долларды әр үш ай сайын 300 млн доллардан бөліп төлемек. Тарихқа сәл шегініс: екі елдің арасындағы соғыс өртінің тұтануына не себеп болып еді? Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң араб елдері батыстың бұғауын үзіп, тәуелсіздігін жариялап жатты. 1932 жылы Ирак өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң іргесіндегі шағын елді - Кувейтті құрамына қосып алмақ болған еді. Шағын ел болғанымен Кувейттің мұнай қоры мол болатын. 

0 пікір
Мұрағат