Мұсылман елі діни элементтерді жарнамада пайдалануға тыйым салды
Мұсылман елі діни элементтерді жарнамада пайдалануға тыйым салды
3 жыл бұрын 1904 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фотограф: Lina Kivaka

Малайзия билігі діни элементтерді жарнамада пайдалануға тыйым салуды қарастыратын әдеп кодексін қолданысқа енгізуді ұйғарып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы нақты қадам Малайзияның байланыс және мультимедиа жөніндегі комиссия тарапынан қабылданады. Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдің коммуникация және мультимедиялық контент бойынша форумның (FKKMM) атқурашы директоры Медих Махмұд 2022 жылдың контент кодекс талаптары клиенттерді тарту үшін өнім қожайындары мен жарнама агенттіктері тарапынан жарнамада діни элементтерді пайдалануына жол бермеуге саятынын жеткізді. Мәселен, тауарын өткізу үшін кей саудагерлер қасиетті Құрандағы дұға оқылған тауар деп, аурудан айықтырады деп, т.б. жарнамалап жатады. Мұндай әрекеттерге, яғни, дін атын жамылып, дәлірегі, дінді маркетинг құралына айналдыруға бұдан былай жол берілмейді. Осылай деген Медих Махмұд аталмыш тыйым тек исламмен шектеліп қалмай, ел аумағындағы барлық наным-сенімге қатысты қолданылатынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат