Мұсылман елі барлық халал тауарды сертификаттауды міндеттейді
Мұсылман елі барлық халал тауарды сертификаттауды міндеттейді
3 сағат бұрын 72 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия билігі осы жылдың (2026) қазан айынан бастап барлық шариғат талаптарына сай әзірлеген азық-түлік өнімдерін елдің тиісті құзырлы орындарында сертификаттауды міндеттейді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arabnews ақпарат көзіне жөн сілтеген halalfocus.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған мұсылман елінің билігі мұндай қадамға жаһандық нарықта ел өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыру үшін барып отыр. Индонезия әлемдегі ең ірі мұсылман мемлекеті және оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы ең ірі экономика. Аталған ел 2023 жылы шамамен 2,43 трлн долларға жеткен жаһандық халал тауарлар нарығының белді ойыншысына айналуды мақсат етеді. Регламент шағын және орта бизнестің барлық түрлеріне қолданылады және тамақ өнімдері мен сусындарды, шөптік дәрі-дәрмектер мен пайдалы қоспаларды, опа-далап пен күнделікті басқа да бірқатар тауарларды қамтиды. Индонезияның халал сертификаттау талаптарының бірінші кезеңі 2024 жылдың қазанында енгізілді және бастапқыда тек ірі компанияларға, соның ішінде Unilever және Nestle сияқты әлемдегі ірі азық-түлік өндірушілерге қолданылды. 2014 жылы қабылданған заңға сәйкес міндетті халал сертификаттау аясы кеңейтілді. Өткен жылдың қазан айындағы дерек бойынша Индонезияда халал сертификатына 9,6 миллион өнімнің ие болғаны анықталды.

Мәлімет көзі: 

0 пікір
Мұрағат