Мұсылман елі Африканың 30 елін сумен қамтамасыз етті
|
Өткен жылы, яғни, 2014 жылы Катардың аса ірі қайырымдылық қоры Африка құрлығындағы 30-дан аса елде су шаруашылығына қатысты 632 жобаны жүзеге асырды. Африканың түрлі елдеріндегі 1 300 000 адамды сумен қамтамасыз ету жобасына 2 500 000 мөлшерінде қаржы жұмсалған. Катардағы бас кеңсенің директоры әрі шейх Хамад Әбдіқадыр аталмыш құрлықта орналасқан 41 елде жергілікті халықтың ең зәру қажеттіліктерін өтейтін өздерінің филиалдары барын мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, африкалықтар суға зәру әрі бұл мәселе ең күрделі, ең өзекті болып табылады. Әсіресе, құрғақшылық жайлаған жылдарда. Мамандардың айтуынша, 2020 жылға қарай су тапшылығының салдары мен зардаптары Африканы мекен еткен 250 млн халықтың өмір сүруін қиындатады. Бұл өз кезегінде су ресурсы үшін талас-тартыстан туатын соғысқа дейін апаруы мүмкін.