Мұсылман елі 100 аралын бәссаудада сатпақ
|
Индонезия билігі адам тұрмайтын, шағын 100 аралдан тұратын архипелагты аукционға қоюды ұйғарды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бастама экологиялық белсенділер тарапынан наразылық тудырды. «Маржан үшбұрышында» орналасқан «Види қорығы» архипелагын сату бойынша сауда-саттық желтоқсан айының 8-14 күндері аралығында Нью-Йоркте өтеді. Архипелагтағы аралдардың жалпы ауданы шамамен 10 гектарға бағаланды. Олар Бали әуежайынан 2,5 сағаттық рейс қашықтықта орын тепкен. Индонезия заңына сәйкес шетелдіктерге елдегі аралды сатып алуға рұқсат етілмейді, алайда, болашақ иесі жергілікті холдингтің үлесін сатып ала алады. Сауда-саттыққа қатыспақ болғандар ниеттерінің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеу үшін 100 мың доллар көлемінде депозит төлеуге міндеттелді. Табиғат қорғаушылары Види қорығының теңізде қорғалатын аймақта орналасқанын алға тартып отыр. Аралдарды туристік мақсатта қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Аралдарға инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары жүргізілетін болса, жергілікті биологиялық әралуандылыққа бай экологиялық жүйеге қауіп төнеді. Аралдарда теңіз маржандарының 700-ден астам түрі кездеседі, сондай-ақ, су астындағы өсімдіктер мен жануарлардың едәуір бөлігі тіршілік ететін тропикалық және мангр ормандары мен маржан рифтерін қамтиды.