Мұсылман елдері мен ислам мемлекеттері
|
Мамандар мұсылман елдері мен ислам мемлекеттерінің екі бөлек ұғымды беретінін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылман елдері деп, халқының дені ислам дініндегі тұрғындар құрайтын елді айтады. Мұсылман елдерінің заң жүйесі зайырлы сипатта болады, яғни, азаматтық, қылмыстық құқыққа негізделеді. Негізгі заң ретінде конституция алға шығады. Дәлірегі, мұсылман еліндегі заңнама бастауын конституциядан бастау алады, яғни, конституцияда қарастырылған талаптарға сәйкес қабыладанады. Мұндай елде исламның мәртебесі мемлекеттік деңгейде танылады. Мұндай елдердің қатарында Қазақстан республикасы да бар. Мәселен, халқының 90%-ы мұсылмандар құрайтын әрі мемлекеттік діні Мысырдың заң жүйесі зайырлы сипатта. Дәлірегі, аталған араб елінде еуропалық және ислам принциптері ұштастырылған. Ислам әлемнің 28 мемлекетінің ресми діні ретінде танылған. 1. 280 млн-ға тарта халқы бар Индонезия республикасы тұрғындарының 88%-ы – мұсылмандар; 2. халқының саны 227 млн-нан асатын Пәкістан тұрғындарының 95%-ы – мұсылмандар; Үшінші орыннан көрінген Бангладеш халық республикасының халық саны – 167 млн 500 мыңға таяу, мұсылмандар қарасы - 89.8 %; 4. Мысыр (халқының саны – 80 млн-нан асады, мұсылмандар қарасы - 94,6 %); 5. Түркия (халқының саны 71 млн-нан асады, мұсылмандар қарасы - 99%); Азияда 24, Африка құрлығында 20, Еуропада 4 мұсылман мемлекеті бар. Тағы екі ел – Малдив республикасы мен Комор (Комор аралдарының одағы) Үнді мұхитындағы аралда орналасқан мұсылман елдер санатында. Солтүстік Кипр мен Косовода ислам ішінара мойындалған дін ретінде алға шығады. Ал ислам мемлекеті деп негізгі заңнамасы шариғат талаптарын басшылыққа алатын елдер жатқызылады. Мәселен, Саудиядағы барлық сот істері шариғат талаптары ескеріле отырып жүргізіледі. Аралас формалар Пәкістан мен Иранда қолданылады – шариғат талаптары мен азаматтық-құқықтық жүйе элементтері ұштастырылған.
Иран (халқының 95%-ы – шиғалар) мен Әзірбайжаннан (халқының 85 %-ы – шиғалар) өзге Пәкістан мұсылмандарының 20%-ы шиғалар.