Мұсылман әйелін қорлаған стюардесса жұмысынан қуылды
|
Американың United Airlines әуе компаниясы ұшақ бортында мұсылман әйелін орынсыз жәбірлеген исламофоб стюардессаны жұмыстан қуды. Бұл жайында "New York Daily News» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Иллинойс штатындағы Солтүстік-батыс университетінде жұмыс істейтін Тахира Ахмет ұшу кезінде борт серігінен қаңылтыр ыдысқа құйылған кола сусынын сұрамай ма, стюардесса оның өтінішін орындаудан бас тартып, кола құйылған ыдысты «қару ретінде қолданбақ болды» деп мұсылман әйеліне жала жапқан. Жолашуылар да жабыла сөгіп, стюардессамен бірге түк жазығы жоқ, қараптан қарап отырып, басы дауға қалған мұсылман әйеліне тіл тигізеді. Осынау келеңсіз оқиғаны естіген мұсылман әйелі жұмыс істейтін аталмыш жоғарғы оқу орны оны қорғаштап, әуе компаниясының өресі төмен қызметкерлерінен кешірім сұрауды талап етті. Діни әрі нәсілдік кемсітушілікке жол бергені үшін стюардесса ақыры жұмыстан қуылды әрі аталмыш әуе компаниясы клиентке сапасыз қызмет көрсетілгені үшін жазбаша кешірім сұрады.