Мұсылман әйелдерге бөгде ерлермен қол алысып амандасуды міндеттеді
Мұсылман әйелдерге бөгде ерлермен қол алысып амандасуды міндеттеді
6 жыл бұрын 3584 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы аптаның екінші жартысында, яғни, бейсенбіде Дания билігі азаматтық алғандарға төлқұжат тапсыратын мемлекеттік қызметкерлердің қолын алуды міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Дәлірегі, аталмыш еуропалық елде азаматтық алған мұсылман әйелдерге төлқұжат тапсыру кезінде сол елдің мемлекеттік қызметкерінің қолын алу міндеттелген. Бұл жайында NYTimes ақпарат көзі хабар таратты. Кейінгі кезде  қол алып амандаспаған мұсылман әйелдердің әрекеті еуропалықтардың шамына тиюде. Мұсылмандарды еуропалық құндылықтардан бас тартуда деп айыптап, сынға алуда. Бұл дау-дамайды заңмен реттеуге дейін жеткен. Десе де аталмыш заң жобасына Данияның бірқатар қала басшылары қарсы шығып, наразылықтарын білдірді. Өйткені, азаматтық алғандарға төлқұжат тапсыру міндеті қала басшыларының еншісінде. 

0 пікір
Мұрағат