|
Көмірден бас тартқан елде соңғы шахта жабылды
|
Германияда бұрынғы шахтерлер қоныстанған Ботропе қаласындағы Prosper-Haniel соңғы көмір шахтасы жабылды. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі хабар таратты. Жабылған шахтаның орнында алып күн батареясы орнатылады. Бұл аталған елдің көмірді пайдаланудан бас тартып, қоршаған ортаға зиянсыз жасыл энергияға көшкенін білдіреді. Десе де көмірге қажеттілік болған аса бір зәру жағдайда оны шетелден тасымалдайды. Германия ел аумағында пайдаланылатын көмірдің жартысын Ресейден алдырады. Есесіне газ өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған ел. Осылайша Германия климаттың өзгерісіне қарсы өз үлесін қосуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)