Мұнайға тәуелді араб елі экономикасын әртараптандыру бойынша екі маңызды қадам жасады
Мұнайға тәуелді араб елі экономикасын әртараптандыру бойынша екі  маңызды қадам жасады
3 жыл бұрын 3495 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі әлемдегі аса ірі әрі қымбат мұнай компаниясы болып табылатын Saudi Aramco-ның бір бөлігін сату туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Saudi Aramco стратегиялық маңызы зор компания, оның акциясының 98,5 пайызы мемлекетке тиесілі. Аталмыш компания басшылығы қайталама акцияларды орналастыру (SPO) – жергілікті немесе шетелдіктердің бірінің нұсқасы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғылардың арасынан Лондон немесе сингапурлық алаңдардың бірін таңдауы мүмкін. Акциялардың 2,5 пайызы еркін айналымға шығарылуы мүмкін, оның құны алдын ала жүргізілген есеп бойынша 50 млрд долларға бағаланып отыр. Егер мәміле сәтті аяқталса, одан түскен қаражатқа мемлекет ие болады әрі ел бюджетіне құйылады. 2019 жылдың соңына таман Saudi Aramco Саудия астанасы – Ер-Риад қаласындағы биржада акциялар листингісін өткізген болатын. Сол кезде мемлекетке тиесілі акциялардың 1,5 сатылды. Осылайша ел бюджетіне 29,4 млрд доллар түскен болатын. Бұл мәміле аталған ел тарихында ең ірі мәміле болды. Егер осы жолғы мәміле жүзеге асса, сол кездегі нәтижеден де асып түсетін болады. Десе де экономиканы стратегиялық маңызы бар салалар есебінен әртараптандыру ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Алайда, Саудияның қолында бұл бағыттағы реформаны жүзеге асырудың өзге тетіктер жоқ болғандықтан осындай қатерлі қадамға баруға мәжбүр. Өйткені, экономиканың мұнай экспортына тәуелді болуы ел болашағына қауіп төндіруде. Ал Саудияның ел экономикасын әртараптандырудың екінші маңызды қадамына болашақ технологиясына қомақты қаражат бөлуін жатқызар едік. Дәлірегі, аталған араб елінде 6,4 млрд доллар болашақ технологиясына бөлінеді. Бұл туралы Саудияның байланыс және ақпараттық технология министрі Абдулла ас-Сәуаһ мәлімдеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Saudi Aramco мемлекеттік мұнай корпорациясы осы салаға қажетті стартаптарды дамытуға 1 млрд доллар бөлмек, ал Saudi Telecom телекоммуникациялық компаниясы кабелдер мен ақпараттарды өңдеу орталығының инфрақұрылымына 1 млрд доллар қаржы шығарады. Бұл айтылғандардын бөлек, Саудияның мемлекеттік инвестициялық қоры мен қытайдың Alibaba онлаин алыбы техникалық салада әріптестік орнатуға 2 млрд доллар қаражат қарастырады. Сондай-ақ, Саудия билігі цифрлі өнімдерді құрумен айналысатын кәсіпкерлер мен қорларға 1,4 млрд доллар бөлуды жоспарлап отыр. Саудияның келешегін кемел етуі тиіс, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның тікелей пәрменімен қолға алынып жатқан Қызыл теңіз жағалауында NEOM футуристік мегаполис жобасына 1 млрд доллар жұмсалады. 

Ұқсас материалдар: 

"Араб елі мұнайдан бас тартудың алғышартын жасады" (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-munaidan-bas-tartudyn-algyshartyn-jasady-16267/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат