Мұнай бұрғылау қондырғыларының саны әжептәуір азайып келеді
Мұнай бұрғылау қондырғыларының саны әжептәуір азайып келеді
9 ай бұрын 2042 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2024 жылдың наурыз айындағы мәліметке сәйкес күллі әлем бойынша мұнай және газ бұрғылау қонлырғыларының саны азайып, 1793 дананы құраған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде америкалық Baker Hughes мұнай қызметін көрсететін компанияның сарапшылары келтірген дерекке жөн сілтеген interfax ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ: ақпан айында әлемде барлығы 1813 осындай қондырғы болған. Осылайша, бір айда олардың саны 20 бірлікке азайды. Сонымен бірге, жыл сайынғы көрсеткіш одан да көп – 86 бірлікке төмендеген, дәлірегі, жылына 86 қондырғыға төмен болған. Сарапшылар Канададағы мұнай және газ бұрғылау қондырғылары санының ең көп төмендегенін тіркеді. Бұл елде наурыз айының соңында бұл көрсеткіш 35 бірлікке азайып, 197-ге дейін төмендеді. АҚШ-та олардың саны екі бірлікке азайып, 625-ке жетті. Әлемнің басқа аймақтарында, керісінше, бұл тараптағы көрсеткіштер өскен. Атап айтқанда, Азия-Тынық мұхиты аймағында қондырғылар саны 10 бірлікке (229-ға дейін), Еуропада (4 бірлік)   және Африка құрлығында (118 бірлік), тиісінше Латын Америкасында – 115 бірлік. Осы орайда сәл бұрынырақта Bloomberg іскерлік ақпарат көзі Ресей Федерациясы аумағында мұндай бұрғылар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,6 пайызға өсскенін хабарлағанын айта кетпекпіз. Алты айда РФ мұнай кен орындарында барлығы 14,7 мың шақырым ұңғыма бұрғыланды. 

0 пікір
Мұрағат