Мумияға айналған жануарлар (фото)
|
Өткен жылдың жазында Израиль Газа секторындағы тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандарды да, соның ішінде, аурухана, электр станцасы, білім беру мекемелері, т.б. нысандарды әуеден шабуылдап, істен шығарған болатын. Газа секторындағы Хан-Юнис хайуанаттар бағы да бұл сойқаннан аман қалмады. Байғұс хайуандар ұзақ уақыт қараусыз қалғандықтан шөл мен аштықтан қырылып, олардың жансыз денелері мумияға айналып кеткен еді. Хайуанаттар бағының қожайыны Мұхаммед Ауайда соғыстың жүріп жатқанына байланысты қызметкерлердің хайуанаттар бағына аттап баса алмағанын айтты. Төмендегі фотосуреттерден аштық пен шөлден қырылып, жансыз денелері мумияға айналған хайуандардың жантүршігерлік көрінісі аза бойыңды қаза қылады.
Айта кету керек, Газа секторындағы хайуанаттар бағында өлген жануарлардың жансыз денесі бальзамдалып, уақытша экспонаттар қатарын толтыратын болған. Алайда, бұл жолғы жағдай басқаша. Артынан Израил шабуылы тоқтағаннан кейін оралған хайуанаттар бағының қожайыны аштан және шөлден қырылып, мумияға айналған жануарлардың үстінен түскен. Хайуанаттар бағында 65-тен аса жануар осындай күйге ұшыраған.