Мультфильмді эфирге шығарып отырған компания муьтфильмнің Құран Кәрімді қорлаған сериясын әлеуметтік желідегі наразылықтан кейін көрсетілімнен алғызып тастады. Ал мультфильмді жасаушы "HIT Entertainment" және "Hibbert Ralph Animation" компанияларына тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. "HIT Entertainment" компаниясының иесі мен АҚШ-тың Маттел ойыншық фирмасы аталған мәселеге қатысты төмендегідей мәлімдеме жасады:
«Өрт сөндіруші Сэмнің 9-шы маусымының, 7-бөлімінде Құран Кәрім парағының көрсетілгенін аңғардық. Парақтың оқылмайтын бір бет болуы керек еді. Бұл қателігіміз үшін өкінішімізді білдіреміз. Ашуына және ренішіне тиген адамдардың баршасынан кешірім сұраймыз. Бұл қателіктің себебінен жауапты анимациялық студиомен бұдан былай жұмыс істемейміз. Осы секілді қателіктер тағы да кетпес үшін өнімдерімізді барынша мұқият көзден өткіземіз».
«Өрт сөндіруші Сэм» мультфильмінің идея авторы Дэвид Джонс бұдан бұрын да исламофобиямен айыпталған болатын.