Мұхит түбінен энергияның мол көзі табылды
Мұхит түбінен энергияның мол көзі табылды
10 ай бұрын 1291 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар мұхит тұңғиығынан геотермалды ресурстың мол қайнарын тапты. Дәлірегі, Мұқит түбінде жасырынған жер жарығынан энергетикалық қуат көзі қоршаған орртаға зияны жоқ энергия көзіне айналады. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жылдан жылға қарқын алып келе жатқан жаһандық жылынуға байланысты қалыптасқан климат дағдарысының одан ары тереңдеуіне жол бермейтін баламалы энергия көздерінің арасында геотермалды энергия үлесі әлем бойынша осы уақытқа дейін бар-жоғы 1%-дан аспайтын еді. CGG консалтингтік компаниясы бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізе келе мұхит түбіндегі тектоникалық қабаттардың бір-бірінен алшақ кеткен жерлерінен жаңа жер қыртысы қалыптасатынын алға тартып отыр. Шамамен 65000 шаршы шақырымды қамтитын мұндай аймақ геотермалды энергияның қайнар көзі бар. Білікті мамандар жер магмасының жер бетіне жақын орналасқандықтан және тектоникалық плиталар бір-бірінен алшақтайтын кезде пайда болатын жарықшақтардан геотермалды энергия ресурсына оңай қол жеткізуге болатынын, яғни, мейлінше аз шығынмен мол энергия өндіру мүмкіндігін алға тартып отыр. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес осы аймақтағы турбиналар арқылы өтетін будан тұшшы су алу және оны жасыл сутегі немесе аммиак алу үшін пайдалану өз кезегінде геотермалдық энергетика өндірісін дамуына және геотермалды энергияны тұрақты энергия көзіне айналдыруға ықпал етуі мүмкін.

 

 

0 пікір
Мұрағат