Мұғалімді исламофобтар не үшін кінәлады?
Мұғалімді исламофобтар не үшін кінәлады?
10 жыл бұрын 3024

АҚШ-тың Висконсин штатындағы мектептердің бірінде сабақ беретін мұғалім оқушыларына өздерін мұсылмандардың орнына қойып көруді ұсынғаны үшін исламофобтар тарапынан басы бәлеге қалды. Бұл жайында Christian Science Monitor ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Бет Урбан есімді мұғалім оныншы сынып оқушыларына өздерін мұсылмандардың орнына қойып, осы елдегі діни азшылықты құрайтындардың басындағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарына қатысты өз ойларын баяндап, шығарма жазуға тапсырма берген болатын. Ата-аналардың бірі мұндай тапсырмаға шала бүлініп, шатақ шығарды. Дәлірегі, ол аты-шулы консервативтік көзқарасымен белгілі радиожүргізуші   Вики МакКенна-ға электронды хатпен хабарласқан. Ал, ол өз кезегінде әлеуметтік желіге жазып, мұсылман көрсе қаны қараятын исламофобтардың делебесін қоздырды. Аталған мектеп директоры Ал, Моллерсков педагогты қорғап сөйледі. Яғни, исламофобтардың талауына беріп қойып, қарап отырмады. Мектеп директорының айтуынша, оқушыларға өздерін иудаизм, христиандық, индуизм, буддизм өкілдерінің орнына қойып, осындай шығарма жазып келуге тапсырма берілгенде, ешкім өретүрегеліп, шу шығармағанын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат