Мотоциклді пайдалануға немесе оның қозғалысына тыйым салынды. Бір ғана себептен...
Мотоциклді пайдалануға немесе оның қозғалысына тыйым салынды. Бір ғана себептен...
5 жыл бұрын 2292 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Эфиопия астанасы - Аддис-Абеб қаласында мотоцикл қозғалысына қатаң тыйым салынды. Бір ғана себептен - қылмыстың алдын алу үшін. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат агенттігі хабар таратты. Эфиопия астанасының басшысы Такеле Ума өткен айда мотоцикл айдағандардың арасында қылмыс жасағандар қарасы көп екеннін мәлімдеген болатын. Мұндай көлікпен қашып құтылу, із жасыру, бой тасалау оңай екенін тілге тиек еткен болатын. Десе де мотоциклмен бизнес жүргізетіндер үшін аталмыш қала басшылығының бұл шешімі қолайсыздық тудыруда. Тапсырыспен тауарды жеткізумен айналысатындар аталған шешімнен зардап шеге бастаған. Мәселен, тағам жеткізумен айналысатын «ZMail» компаниясы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Аталған шешімге байланысты. Ал «Deliver Addis» компаниясы ел билігінің мотоцикілдерді тәркілей бастағанын Facebook әлеуметтік желісінде жария етті. Мотоцикл уақыттан ұтуға, кептелісте тұрып қалмауға көмектесетін көлік ретінде соңғы уақытта Африка елдерінде кеңінен қолданыла бастаған болатын. 

0 пікір
Мұрағат