Израилдің мойнына мінген масыл топтан аталған елдің шығыны жүздеген млрд долларға жетпек
Израилдің мойнына мінген масыл топтан аталған елдің шығыны жүздеген млрд долларға жетпек
5 жыл бұрын 2839 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан аттай сегіз ай бұрын «Ортодоксалдардың артықшылығы жойылады» деген тақырыппен (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/ortodoksaldardyn-artyqshylygy-joiylady-foto-11056/#gsc.tab=0) берген жазбамызда Израилде ерекше қорғауға алынған әрі құқықтық мәртебесіне орай бірқатар артықшылыққа ие ортадоксалды еврейлер туралы азды-кем ақпарат берген болатынбыз. Дәлірегі, діни "атрибутына" байланысты отан алдындағы әскери борышын өтеуден босталған ортадоксалды еврейлердің әскер қатарына шақыртыла бастайтыны жөнінде айтқанбыз. «Әуел баста Израил мемлекеті құрылғанда ел билігіне ортодоксалдар 700-ге тарта ұл баланы әскер қатарынан босатуды сұраған болатын. Өйткені, соғыстан кейін Тәуратты жақсы білетін еврейлердің қарасы қатты азайып кеткен еді. Сол кезде оларға осындай артықшылық берілген еді. Ал қазіргі уақытта Израилдегі ортодоксалдар қарасы Израил халқының 9 пайызын құрап отыр - шамамен 800 000 адам. Ортодоксалдар әдетте елі үшін, яғни, Израил үшін дұғасымен көмектесіп жүргенін алға тартып отыр»,- деп жазыппыз кезінде.

Десе де Үндістандағы жоғары каста секілді әлеуметтік жағынан қорғалған әрі бірқатар құқықтық артықшылыққа ие ортадоксалды еврейлер үшін Израил халқының қалтасынан төленетін салықтан 2030 жылға қарай бөлінетін шығын 11 млрд долларға жетеді екен. 2065 жылға қарай ортадоксалдардың жұмыс істемеуінен аталған мемлекетке келетін шығын 112 млрд доллардан асып түседі. Бұл жайында еврейлердің Calcalist бизнес басылымы Израилдің қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабарлады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 22 жасқа дейін ортадоксалды еврейлердің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Тек 22-24 жас аралығында ғана оларға ішінара жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

0 пікір
Мұрағат