Монарх биыл құрбан шалмауға шақырды...
Монарх биыл құрбан шалмауға шақырды...
9 ай бұрын 1518 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко королі Мұхаммед ҮІ ел тұрғындарын биыл, яғни, осы жылы құрбан айтта мал шалмауға шақырды. Өйткені, жеті жыл қатарынан елді жайлаған құрғақшылықтан мал басы күрт кеміп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің дін істері министрі Ахмет әл-Таупық сәрсенбіде мемлекеттік теледидардан королдің: «Біз қадірлі халқымызды осы жылы құрбандық шалу салт-жорасын орындамауға шақырамыз», деп айтылған жолдауын жеткізді. Биыл Құрбан айт маусымның бірінші аптасына тура келеді. Осылай деген ол елдің климат дағдарысымен және экономикалық қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, корол халқына жолдауында Құрбан айтта малды жағдайы келетіндер шалатынын, табысы төмен немесе тұрмысы жүдеу тұрғындарға міндетті емесін еске салып өткен. Марокко королі халқының атынан құрбан малды өзі шалатын болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшісі Ахмет әл-Буаридің келтірген дерегіне қарағанда, табаны күректей жеті жыл қатарынан құрғақшылықтан көз ашпаған марокколықтар мал басының 38%-нан айырылған, соңғы 30 жыл ішінде жауын-шашын мөлшері 53%-ға кеміген.

Ұқсас материал:

Құрғақшылық жайлаған араб елінде мал басы күрт кеміп барады

0 пікір
Мұрағат