Министр: "Хиджаб тазалыққа қайшы"
Министр: "Хиджаб тазалыққа қайшы"
7 жыл бұрын 8176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанда шариғат талаптарына сай бүркенетін, яғни, әурет жерін қымтап ұстайтын әйелдерді бұл діни тыйымнан қайтару үшін арнайы жұмысшы тобы құрылғанын осыдан бірнеше күн бұрын хабарлаған едік, естеріңізде болса. Әйелдерге хиджап кимеуді насихаттайтын комиссияны аталған елдің мәдениет министрі Шамсуддин Омурбекзода басқарады. Ол өзінің міндетін түсіндіре келе хиджап туралы ақылға сыймайтын мәлімдеме жасап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Оның айтуынша, хиджап жергілікті климатпен үйлеспейді. Яғни, Тәжікстандағы аптап ыстықта хиджап тазалық талаптарын бұзады екен. Бұған қоса, оның сөзіне қарағанда, хиджап тағынған әйел көпшілік орында, яғни, қоғамдық орындарда адамдарға үрей салатын көрінеді. Көйлегінің астына адам өмірі мен денсаулығына қауіпті қару жасырып алуы мүмкін екенін алға тартты. Алайда, ол бір жайтты ескермеген еді - Сауд Арабиясында немесе басқа араб елдеріндегі аптап ыстық Орта Азиядағы климатқа қарағанда әлдақайда қатал келеді. Бұл жайында The Diplomat, ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат