Мигранттар ақша аударудан рекорд орнатты
Мигранттар ақша аударудан рекорд орнатты
6 жыл бұрын 2760 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мигранттар табысы төмен және орташа елдерге, яғни, отанына аударатын ақша сомасы өткен жылы рекордтық деңгейге жеткен. Дүниежүзілік банк келтірген дерекке қарағанда, әлемнің әр елінде, көбіне дамыған елдерде нәпақасын айырып, отбасын асырап отырған еңбек мигранттарының аударған ақшасы осымен екі жыл қатарынан рекордтық көрсеткішке жеткен. Табысы төмен және орташа елдерге мигранттар аударатын қаржының жыл сайынғы тіркелетін ғаламдық мөлшері 2018 жылы 529 млрд долларға жетіп, 2017 жылғы көрсеткішке (483 млрд доллар) қарағанда 9,6%-ға артқан. Ал табысы жоғары елдерге аударылған қаражатты ескергенде мигранттардың аударған қаражаттың ғаламдық мөлшері 2018 жылы 689 млрд долларға жетіп, 2017 жылғы көрсеткішпен (633 млрд доллар) салыстырғанда едәуір өскен. Ал аймақтық тұрғыдан келсек, Оңтүстік Азияға Шығыс Азиядан және Тынық мұхиты өңірінен аударылған қаражат мөлшері 7%-12%-ды құраған. Ал мигранттардан ақша молынан аударылған елдерге келсек, Үндістан көш бастаған - 79 млрд доллар, одан кейінгі орында Қытай тұр - 67 млрд доллар, үшінші орынға Мексика жайғасқан - 36 млрд доллар, төртінші орыннан Филиппин көрінген - 34 млрд доллар, бесінші орынға Мысыр табан тіреген - 29 млрд доллар. Биыл әлем бойынша мигранттардың аударатын ақша мөлшері 550 млрд долларға жетуі мүмкін. Еуропа мен Орта Азияға аударылатын ақша мөлшері 59 млрд долларға жеткен, яғни, 7%-ға өскен. Аталған аймақтарға көбіне АҚШ-тан, Ресейден аударылады. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдеріне аударылатын ақша мөлгері 88 млрд долларға жеткен Яғни, 10%-ға артқан. АҚШ-тан аударылады аталған аймақтарға. Ал Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне аударылатын ақша мөлшері 62 млрд долларға жеткен өткен жылы, яғни, 9%-ға артқан. Оңтүстік Азияға аударылатын ақша мөлшері 131 млрд долларға жетіп, 12%-ға артқан. Сахара шөлінің оңтүстігінде жатқан Арика елдеріне аударылатын ақша мөлшері 46 млрд долларға жетіп, 10%-ға артқан. 

0 пікір
Мұрағат