|
Мигрант балаларына қандай сенім артып отыр
|
Британияның сыртқы барлау қызметі жаңа қызметкерлерді қабылдау ережесіне өзгерту енгізді. Аталмыш өзгертуге сәйкес бұдан былай елдің қауіпсіздігіне ең қажетті ден жауапты сыртқы барлау қызметіне тек ата-анасы осы елдің аумағында дүниеге келгендер ғана қызмет етпейді. Сыртқы барлау қызметінің жетекшісі Алекс Янгер бір ғасыр бойы қолданыста болған аталмыш ережеге өзгерту енгізудің өз кезегінде түрлі нәсілден арнайы қызметке тарту арқылы барлау қызметтің мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізетінін жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазіргі уақытта Ұлыбританияның сыртқы барлау қызметінің штатында 800 адам жұмыс істеп жатыр. 2021 жылға дейін бұл көрсеткішті 3400 адамға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
■
Цифрлы технология мұсылман елінің экономикасына серпін берді