Microsoft әлемдегі ең қымбат қоғамдық компанияға айналды
|
Әлемге әйгілі Microsoft компаниясы жаһандыө деңгейдегі құны бойынша қоғамдық компаниялар арасында бірінші орынға шыққан. Тіпті, бұл тарапта Apple-нің өзін артқа тастаған. Бұл жайында islam.kz порталы Trend (trend.az) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Microsoft-тың капиталы 2,89 трлн долларға жетсе, Apple-нікі – 2,87 трлн доллар. Microsoft акциялары қаңтар айының 12-нен бастап әр данасы үшін 388,47 долларға бағаланып, 1%-ға өскен. Ал Apple құнды қағаздары 0,2%-ға қымбаттаған. Мұндай жағдай Microsoft-тың Apple-дан басып озған 2021 жылдың қараша айынан бері алғаш рет орын алып отыр. Сарапшылар Microsoft-тың қаржылық жетістігін жасанды зерде саласындағы айқын әрі нақты стратегиясымен байланыстырып отыр. Apple акциялары 2023 жылдың желтоқсанында iPhone 15 сатылымының құлдырауына қатысты алаңдаушылыққа байланысты, сондай-ақ, Қытай билігінің Apple смартфондарын мемлекеттік қызметкерлерге пайдалануға тыйым салу туралы шешіміне байланысты төмендей бастады. Бұл факторлар өз кезегінде Apple компаниясының 2024 жылдың басынан бері нарықта шамамен 162 миллиард доллар табыстан айырылуына әкеп соқтырды.