Мессенджерлерде бейтаныс адамдардың хабарламаларына заң жүзінде тыйым салды
Мессенджерлерде бейтаныс адамдардың хабарламаларына заң  жүзінде тыйым салды
5 ай бұрын 860 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаттары екінші және үшінші оқылымда мессенджерлерде бейтаныс нөмірлерден хабарлама жіберуге тыйым салатын, тиісті заңнамаға енгізілетін түзетуді қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарламада айтылғандай, мессенджерлердің иелері адресаттың келісімінсіз, пайдаланушы анықтамаған сұхбаттасушыдан хабарламалар алуға жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа нормаға сәйкес қызмет иелері құзырлы органдардың сұрауы бойынша өз пайдаланушылары туралы ақпаратты беруге міндетті болады. Ресей үкіметі кейінірек мессенджер пайдаланушылары туралы қандай ақпарат беру керек екенін анықтайды. Бұдан бөлек, ресейлік «Жаңалықтар» дерек көзінің жазуынша, мемлекеттік дума шілде айының  30-ы күні екінші және үшінші оқылымда SIM карталарын сатып алу ережесін қатайтатын заң жобасын қабылдаған. Аталмыш заңда бір адамның ала алатын SIM карталарының саны шектелуі мүмкін. Ресей азаматы 20-дан аспайтын, ал шетелдіктер 10-нан аспайтын SIM картасын ала алады. Сондай-ақ, заң жобасында шетелдіктер байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты тек жеке өзі келіп және Бірыңғай биометриялық жүйеде деректері болған жағдайда ғана жасай алатындығы қарастырылған. Сонымен қатар, заң шетелдіктерді келісім-шартқа IMEI-ді қосуды міндеттеуді ұсынады және қызметтік SIM картасын сатып алған жағдайда еңбек қатынастары туралы ақпаратты көрсетеді. Сөз орайы келгенде бұрын мемлекеттік дума он мың адам аудиториясы бар блогерлерді Роскомнадзорға (Ресей бақылау комитеті) өздері туралы ақпаратты хабарлауға міндеттейтін түзету қабылдағанын айта кетпекпіз. Әлеуметтік желідегі парақшаның немесе мессенджердегі арнаның иесі қажетті ақпаратты бермесе, ресурс әкімшілері оның парақшасын немесе арнасын бұғаттауға міндетті.

0 пікір
Мұрағат