Мешіттерді «қытайландыруға» бірнеше млн доллар бөлінді
Мешіттерді «қытайландыруға» бірнеше млн доллар бөлінді
4 жыл бұрын 3067 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі мәдени нысандарды «қытайландыруды» көздейтін үкіметтік бағдарламасы аясында ел аумағындағы мұсылмандар тығыз шоғырланған аймақтарда орналасқан мешіттердің мұсылман сәулетіне тән келбетін өзгертуге қатысты ауқымды жоспарын бекітті.  Цинхай провинциясына қарасты Чэндун округының «араб үлгісіндегі мешіттерді түзету жөніндегі басқарманың» ішкі есебінде қамтылған дерекке қарағанда, биыл бірқатар мешіт сәулетіндегі діни атрибуттар жойылады. Бұл жайында Bitter Winter ақпарат көзі мәлім етті. Мәлімет бойынша Чэндун округындегі 32 ислами инфрақұрылым нысанының араб үлгісінде салынған 19 мешіттің сәулеті өзгертіледі. Дәлірегі, 15 күмбез бен мұнаралар өзгертіледі. Биыл қытай билігі 10 мешіттің сәулетін өзгертеді. Бұл мақсатта 1,5 млн доллар бөлінеді. Келесі жылы 9 мешіттің діни элементтерін жоюға 2,3 млн доллар жұмсамақ.

0 пікір
Мұрағат