|
Мешіттен пұтты кім алады?
|
Мұсылмандар индустармен татулықты сақтау үшін амалсыздан мешітке пұт қоюға мәжбүр болған еді. Үндістанның Гуджарат штатының мәдени астанасы болып табылатын Вадодара қаласындағы Идга мешіті ауласында, міне, үшінші жылдың жүзі болды, инудстардың Ганеши деп аталатын пұты әлі мызғымай тұр. Осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылман жамағаты, қайталап айтамыз, мұндай қадамға амалсыздан барған. Десе де, бір кілтипаны: мұсылмандардың Құрбан айты үндістердің Ганеши пұтына арналған мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты мешіт жетекшілері индустардан осы пұтты Құрбан айты аяқталғанша уақытша ала тұруын өтінген екен. Айт намазы оқылған кезде мұсылмандар пұтқа табынғандай болып шықпасы үшін. «Біз пұтты ала алмаймыз, өйткені, пұт нақты бір орында тұруы – тұтас ритуал болып табылады. Пұт бір орнынан қозғалмай 5 жыл тұруы керек», - деді индустардың өкілі. Бұл жайында IslamNews порталы The Quint ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.