|
Мешіт те медицина орталығына айналды
|
Катардың Доха қаласындағы аса ірі мешітте намазға келген жамағат медициналық тексеруден өтті. Бойында сусамыр дертінің бар-жоғын білу үшін. Айта кетейік, сусамыр Катардың бас ауруына айналған дерттердің бірі. Адам көп жиналатын қасиетті Рамазан айында осы мүмкіндікті пайдаланған медицина қызметкерлері жүздеген адамды тексеруден өткізіп, оларға аталмыш сырқат түрінен сақтанып жүрудің маңыздылығы мен жолдары түсіндірілді. Медициналық тексеруді жүргізу мақсатында мешіттің холында 25 кабина қойылды. Ұзын саны 1000-нан аса адам тексеруден өтіп қана қоймай, білікті дәрігерлерден кеңес алып, сусамыр жайында мәліметтер қамтылған қойын кітапшаларын алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)