Мешіт салуға бел буған кәріс жігіті өз елінде исламофотар тарапынан кедергілерге тап болуда
Мешіт салуға бел буған кәріс жігіті өз елінде исламофотар тарапынан кедергілерге тап болуда
7 ай бұрын 983 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында 2019 жылы исламды қабылдаған Дауд Ким есімді поп әншісінің өз елінде мешіт тұрғызуға қаржы жинап, жер телімін сатып алғаны турасында хабарлаған едік (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/islamdy-qabyldagan-korei-anshisi-meshit-salaiyn-dep-jatyr-20120/#gsc.tab=0). Оңтүстік Кореяның Иншхон қаласында мешіт құрылысы үшін жер телімін сатып алғаны турасында әлеуметтік желідегі жазбасынан соң (YouTube арнасында оның 5,5 млн-нан аса жазылушысы бар) 30 жастағы әншінің атына жергілікті тұрғындар тарапынан арыз-шағым мен наразылыққа толы жжазбалар қарша борады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Korea Herald ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті халық оның жоспарын болдырмасы үшін қол жинап, петиция тапсыруда. Ол ол ма, жер телімін сатқан адам арадағы келісімді бұзатынын, яғни, өзіне қайтарып алмақ екенін мәлімдеді. Себебін ашып айтпады. Оған көршілері қысым көрсетуі мүмкін екені айтылған. Дәл осындай жағдай таңғы шық елінің Тегу қаласында да орын алды – мешіт құрылысы 2020 жылдың қыркүйек айында басталғанымен алға жылжымай қойды. Жергілікті халық мешіт құрылысына қарсылық білдіріп, 2021 жылы жобаны тоқтатып тастады.

0 пікір
Мұрағат