Мешіт қасиетті айда пластиктен бас тартты
Мешіт қасиетті айда пластиктен бас тартты
5 жыл бұрын 2184 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Англиядағы Уэльс мешіттерінің бірі қасиетті Рамазан айында палстик ыдыстарды пайдаланудан бас тартып, осылайша қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Дәлірегі, Кардифф елді-мекеніндегі Дарул-Исра мешіті қасиетті айда 70 мыңға дейін пластик ыдысты пайдаланады екен. Есептен көрсе. Бұл күнделікті қолданатын ыдысқа шаққанда елеусіз көрінетін сан. Алайда, жиынтығы қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіретіні белгілі болды. Өткен жылы ауызашар үшін аталмыш мешіт 30 мың пластик қасық пен шанышқыға, 15 мың тәрелке мен стаканға, сондай-ақ, 10 мың су құйылған пластик шөлмекке тапсырыс берген екен. Осы қасиетті айда Ұлыбританиядағы мұсылмандардың аталған құлшылық үйі биологиялық тұрғыдан тез ыдырайтын ыдыстарды пайдаланған. Бұл жайында әлемге әйгілі британиялық BBC ақпарат көзі аталған мешіттің осы бастамасын әлемге үлгі етіп, хабар таратты. Мешіт жетекшісі Мұхаммед Жабер пластиканың экология мен қоршаған ортаға қаншалықты зиян келтіретін білген соң осындай қадамға барғанын жария етті.

0 пікір
Мұрағат