Мемлекет мұсылмандарды террорист етіп көрсететін әскери жаттығу өткізді
|
Ресей мұсылмандарының діни жиналысының жетекшісі хазіреті Альбир Крганов әлем қауымдастығын Киев қаласында орын тепкен синагогтағы Украина қауіпсіздік күштерінің террористерге қарсы оқу-жаттығуына назар аударуға шақырды. Бұл әскери жаттығуда террористер ретінде мұсылмандар «таңдалған». Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синагогта израилдік елшіні мұсылман кейпіндегі террорист ұстап алып, кепілдікке алады. Осылайша исламофобтардың «радикал көзқарасынан» қалыптасқан жаңсақ ұғым жетегінде мұсылмандар тағы мәрте жеккөрінішті етіп көрсетілген. «Мұндай нәрсе халықаралық тұрғыдан жария баға беруді, мойындауды және айыптыларды жазалауды талап етеді. Әрбірден соң Украинаның қауіпсіздік күштері – ресми құрылым, осы оқиғаға байланысты ресми тұлғалар, Украина президенті тиісті мәлімдеме жасауы керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы, т.б. ұстанымы бірдей болуы тиіс, әлбетте, бұл арада екіұшты стандарт турасында сөз болып отырған жоқ»,- деп ашына мәлімдеді ол. Терроризмге қарсы әскери оқу-жаттығу кезінде шартта түрде әдейі мұсылмандарды таңдау укриан қоғамын жік-жікке бөлетін қадам. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілген мұндай жаттығу керісінше қауіпсіздікті әлсіретеді, мұсылмандарды террорист орнына қойып, кемсіту оларды ашық қорлау болып табылады.