|
Мектептерде адамның жүзін тану жүйесі іске қосылады
|
Ресей Федерациясы аумағындағы барлық мектепте адамның жүзін тану функциясы бар камералар қойылады. Ол компьютермен көруге мүмкіндік беретін видеоқадағалау жүйесіне – Orwell-ге қосылады. Бұл жайында орыс тілінде хабар тарататын hightech.fm ақпарат көзі мәлім етті.
Мұндай камералар ел аумағындағы 43 мыңнан аса мектептің кіре берісі мен шығатын тұстарына және сыныптарда орналастырады. Осылайша оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді әрі қашықтан оқытуды трансляциялайды. Аталмыш жүйе мектепке бөгде адамдардың келгенін, сондай-ақ, тыйым салынған аймаққа келгендердің кім екенін дер кезінде хабарлайды. Өрт шығу қатерінің алдын алады. Мектеп қызметкерлерінің жүзі олар жазбаша келісімін бергеннен кейін мәліметтер базасына енгізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты